ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ САМҒАУЫ – Қамқоршылар алқасы құрылды

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ САМҒАУЫ - Қамқоршылар алқасы құрылды
📍Астанадағы The One қонақ үйінде Дүниежүзі және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациялары басшылығының жыл қортындысына арналған басқосуы өтті.
Сол жиында тоғызқұмалақ әлемінде зор маңызы бар елеулі шешім қабылданды
📣 Отырысымызда тоғызқұмалақ дамуына және федерацияларға түрлі жолмен қолдау көрсетіп келе жатқан қоғам қайраткерлері мен іскер азаматтардан тұратын Қамқоршылар Кеңесін құру туралы шешім қабылданды.
🛜 Қамқоршылар Кеңесі – ұлттық мәдени мұрамыздың жарқын үлгісі болып табылатын тоғызқұмалақты дамытудың стратегиялық бағыттары, ұлттық ойынымыздың танымалдығын арттырып, қанатын одан әрі жая түсуге қажет қадамдар туралы Дүниежүзі және Қазақстан тоғызқұмалақ федерацияларына кеңес, ұсыныс беріп, қолдау көрсетудің жаңа жолдарын қарастыратын алқалы ұжым.
🟢 Қамқоршылар Кеңесі құрамына Парламент Мәжілісі депутаты Мұрат Әбенов; Мурат Абенов
М.С. Нәрікбаев атындағы университеттің Басқарма басшысы Талғат Нәрікбаев; Талгат Нарикбаев
Алматы қалалық маслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев; Meirzhan Otynshiyev
Мұнайсервис заңды тұлғалар бірлестігі төрағасы Рашид Жақсылықов;
Астана қалалық маслихат төрағасы Ерлан Қаналимов; Ерлан Каналимов
Тасс Групп компаниясының жетекшісі Дулат Тастекеев; Dulat Tastekey
Павлодар облыстық маслихатының төрағасы Илья Теренченко; Илья Теренченко
Республика партиясының аппарат жетекшісі Бақытбек Хамит Бахатбек Хамит – секілді танымал тұлғалардың кіруі тоғызқұмалақ әлемін тағы бір серпілтіп тастады.
🚀 Алғашқы отырыста көптен бері тоғызқұмалақ дамуына септесіп жүрген Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Дүниежүзі және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациялары мен барша тоғызқұмалақ қауымдастығы атынан барша жанашырлар мен Қамқоршылар Кеңесі мүшелеріне шын жүректен алғыс айтамыз.
🇰🇿Жиынға сонымен қатар ҚР Спорт және туризм министрлігінің “Ұлттық және ат спорты орталығының” басшысы, тоғызқұмалаққа үнемі жанашырлық пен қамқорлық көрсетіп жүрген Бақдәулет Сәбитов Бақдәулет Сәбитов бауырымыз қатысып жылы лебіз, нақты ұсыныстарымен бөлісті.
✅ Жиынның өтуіне қолайлы барлық жағдай жасаған тоғызқұмалақ қайраткері , Дүниежүзі тоғызқұмалақ федерациясының вице- президенті Мақсат Раманқұлов ағамызға мың алғыс !
🇰🇿 Зияткер Республика!