Бестемше ережесі

Бестемше ойынының ережесі

1. Ойынның негізгі ережелері

Бестемше ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 10 отау, 50 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, бес отау және 25 құмалақтан тиесілі. Құмалақтар әр отауға бес-бестен салынады. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.
Тақтаның көрнекілік үшін жасалған сипаты төмендегідей:

Қостаушы қазаны
5 5 5 5 5
5 5 5 5 5
Бастаушы қазаны

Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтардың мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.

І. Жүріс жасау ерекшеліктері
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
1. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен бар құмалақты қолға алып, біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақты жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың отауына түсіп, ондағы құмалақтың саны тақ болса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы N5 отаудағы 5 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының N4 отауына барып түседі және ондағы 5 құмалағы соңғы құмалақпен 6 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.


5 – 6 6 6
5 5 5 5 1
6

2. Егер қостаушы ойыншыда № 5 отаудағы 5 құмалағын таратса, онда төмендегі жағдай қалыптасады.
6
1 – 6 6 6
6 6 6 – 1
6

3. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
4. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақты бөліп алып жүруге болмайды.

ІІІ. “Атсырау” ережесі
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақтар таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
5. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
6. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз ордасына салып алады. Мысалы:

20
3 1 1 – –
– – – – 1
24

Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол N5 отаудағы 1 құмалағын жүреді. Өз кезегінде қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, №1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:
20
3 1 1 1 –
– – – – –
24

Енді қостаушы отауларындағы 6 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді. Есеп 24-26. Қостаушы ұтты.